Ән табиғатын аялау керек

Біздің айтпағымыз – қасиетті қазақ даласында туған осынау жауһарларды қазіргі әншілеріміздің қалай орындап жүргендері жайлы болмақ. Ұлы Абай «Әннің де естісі бар, есері бар», «Әнді сүйсең менше сүй» деген ғой. Әдетте әрбір ән туып өскен, кіндік кескен қасиетті туған жерге, Атамекенге, әлпештеп өсірген ата-анаға, сүйген жарға арнап шығарылады. Бұл әндерді әркімнің орындауға қақысы бар. Ал енді үлкен сахналарда белгілі әншілер орындаған кезде ән табиғаты, оны сақтай білу жайы ойға оралады.

Ғазизбек Тәшімбай

Ықылым замандардан бері кімнің қай дәуірде шығарғаны сақталмай, халықтың жадында қалып қойып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қанша дәуір өтсе де ұмытылмай «Халық әндері» аталып келе жатқан ескі әуендерді және одан берігіректе өмір сүрген тума талант, дара дарындар Мұхит пен Мәди, Ақан Сері мен Біржан Сал, Сегіз Сері мен Иманжүсіп, күні кешеге дейін өмір сүрген, сол бір сал-серілердің жұрнағы Жамбыл мен Кенен әндерін тыңдап   отырған кезде  нешетүрлі ой келеді екен. Қазақтың ұшы-қиыры жоқ қасиетті кең жазира даласын өз заманында таңғажайып әндерімен тербеп өткен сол бір асылдар, сан қырлы саңлақтар неткен керемет, қандай ғажап туындылар қалдырып кеткен десеңізші! Бір ғажабы, олар шығарған әндерін нақышына келтіріп өздері орындаған. Мысалы, Біржанның даусы қозыкөш жерден естіледі екен. Ал біз осынау дарындардың ізін қуған, солардың жұрнағы, ізбасары  деуге болатын Кененнің өз даусымен орындаған әндерін естіп қалдық.     

Поляк саяхатшысы Адольф Янушкевич қазақ даласы ән салып тұр деп таңырқаса, орыстың ұлы композиторларының бірі Сергей Рахманинов «Япурай» әнін алғаш тыңдаған кезде «Мен мынадай ән шығарған халықты көруім керек» деп қайран қалған  екен. 

Біздің айтпағымыз – қасиетті қазақ даласында туған осынау жауһарларды қазіргі әншілеріміздің қалай орындап жүргендері жайлы болмақ. Ұлы Абай «Әннің де естісі бар, есері бар», «Әнді сүйсең менше сүй» деген ғой. Әдетте әрбір ән туып өскен, кіндік кескен қасиетті туған жерге, Атамекенге, әлпештеп өсірген ата-анаға, сүйген жарға арнап шығарылады. Бұл әндерді әркімнің орындауға қақысы бар. Ал енді үлкен сахналарда белгілі әншілер орындаған кезде ән табиғаты, оны сақтай білу жайы ойға оралады. 

Мәселен, «Қыз Жібек» операсындағы Бекежанның ариясын әнші қыз, ал Жібектің ариясын сызылтып әнші жігіт орындап тұрған кезді көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші. Қандай әсер алар едіңіздер?!  Немесе Майра  Уәлиқызының атақты әнін «Қызы едім Уәлидің Майра атым...»  деп әнші жігіттердің бірі шырқап тұрғаны жарасар ма еді? Сол сияқты Естайдың «Қорланын», Балуан Шолақтың «Ғалиясын», Абайдың «Айттым сәлем қаламқасын» үлкен сахнада Мақпал Жүнісова мен Роза Рымбаева сынды жезтаңдай әнші қыздарымыз орындап тұрса жараспайтыны хақ. Ал Абайдың «Өзгеге көңілім тоярсың», «Желсіз түнде жарық ай» сияқты әндерінің жөні бөлек. Бұл әндерді жұрттың бәрінің орындай беруіне болады. 

Осы арада айта кететін бір жәйт бар. Қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдыздар Жамал Омарованың «Алтай» әнін,  Роза Бағланованың «Ақмаңдайлым» әнін, Мәдина Ералиеваның «Ақ Баян» әнін қалай шырқағаны елдің есінде. 

Осы күндері сахнаға шығып алып, даусының бар-жоғына қарамастан  фонограммамен кез-келген әнді таңдамай, талғамай шырқай беретін жастар көбейіп барады. Олар үшін қандай ән екені бәрібір. Сонда мұнысы Абай айтқандай «Құр айғай бақырған құлаққа ән бе екен»  болып шығатынын түсінбейді де, ойланбайды да.  Қазақтың белгілі қылқалам шебері, суретші әрі актриса Гүлфайрус Исмаилованың әжептәуір даусы бар екен. Содан әнші болғысы келеді, сахнаға шығуды армандайды. Бірақ бір жолы Бибігүл Төлегенованың тамылжытып  ән салып тұрғанын көреді де: қой, ол ауылда мен істейтін шаруа жоқ екен, деп райынан қайтқан екен. Сөйтіп ол кейін атақты суретшінің бірі болып шықты. Бұдан шығатын қорытынды біреу: әркім өзі көтере алатын шоқпарды ғана беліне қыстыруы керек. 

Жалпы халық әндерінің біразын қай әннің  кімге арналғанына қарамай жігіттер мен қыздар жайшылықта қатар орындай береді. Оған құлағымыз үйреніп кеткен. Ал енді үлкен сахнаның жөні бір бөлек. Өйткені Жаяу Мұсаның   әнін әнші қыздардың біреуі сахнадан шырқап тұрған кезді көзге елестетіп көріңізші. Сол сияқты Сегіз Сері мен Иманжүсіптің, Жамбыл мен Кененнің әндерін алып қаралық. Әсіресе, Иманжүсіптің «Қасыма ерген жолдасқа сауға салып, бір түнде сегіз қызды алып қаштым...»  деген әнін әнші қыздың шырқағаны жарасар ма еді?! Осыған орай бір ғана мысал. Біржанның атақты  «Бурылтай» әнін белгілі әнші қыздарымыздың бірі Майра Ілиясованың орындағанын талай рет тыңдадым. Шынын айтар болсам жарасып тұрған жоқ. Менің бұл пікіріме Майра Ілиясова қарындасым ренжи қоймас. Өйткені ән табиғатын аялау бәрімізге ортақ дүние ғой.

           Ғазизбек Тәшімбай,
   жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі.

Возврат к списку

Наверх